Негiзгi бет

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингі.

29-01-2021

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау үшін жаңадан құрылған мониторингтік топ құрамына VII шақырылған қалалық мәслихаттың депутаттары Дайрова Дариға Абайқызы, Перцева Наталья Владимировна кірді

2020 жылдың соңынан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі байқалады.

Бағаларды тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция, ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 тауарға шекті бағалар белгіленді.

Осыған байланысты мониторингтік топтар ішкі сауда субъектілерінің шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сақтауына бақылау жүргізеді. Тексеру қорытындысы бойынша белгіленген шекті сауда бағаларын бұзған сауда субъектілеріне қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 10 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box