Негiзгi бет

Мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

01-02-2021

2020 жылдың қыркүйегінде Семей қаласының мәслихаты жалпы ауруы бар 1-2 топтағы мүгедектерді қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге берілетін тұлғалардың тізіміне енгізу туралы мәселені көтерді.

Қала тасымалдаушылары көп жылдар бойы ерікті негізде ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, І топтағы мүгедектігі бар зағип жандар жетектеушісі мен, ІІ топтағы мүгедектігі бар зағиптарға қоғамдық көлікте тегін жол жүруді ұсынады. Сондай-ақ, 70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге жеңілдетілген жол жүру ақысы беріледі.

2021 жылғы 29 қаңтарда қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар қала әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы Садырбаевтың, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Самарқанұлы Жұмановтың қатысуымен осы мәселені талқылап, мәслихаттың алдағы сессиясының күн тәртібіне "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қалаішілік қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы"мәселені енгізу туралы қаулы шығарды. Мәслихат сессиясында бекітуге ұсынылатын шешім жобасы бойынша І және ІІ топтағы мүгедектерге, сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлерге қалаішілік қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру қарастырылған.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 10 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box