Негiзгi бет

VII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 3 сессиясы туралы

01-02-2021-2VII шақырылған қалалық мәслихаттың үшінші кезектен тыс сессиясы конференц-байланыс режимінде өтті. Сессияның жұмысына 22 депутат қатысты.

Депутаттардың қарауына 3 мәселе шығарылды:

1. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Семей қаласының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы.

3. Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы.

Сессияны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Р.С. Хазипов бастады. Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Сессияның бірінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Құдайбергенқызы баяндама жасады. Бірінші мәселені зерделеу және талқылау нәтижесінде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8100 болып тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне бірқатар өзгерістер енгізу туралы депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Сессияның екінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Құдайбергенқызы баяндама жасады. Бағдарламаны іске асыру үшін үш бағыт бойынша 16 мақсат және 21 нысаналы индикатор бекітіледі (базалық көрсеткіштер тізбесінен 17 индикатор және өңірдің даму ерекшеліктері мен проблемаларын көрсететін 4 қосымша индикатор). Талқылау нәтижесінде депутаттар көпшілік дауыспен Семей қаласының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын түзетуді бекіту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде бағдарламаның іс-шараларын жоспарлау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Үшінші мәселе бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С. С. Жұманов баяндама жасады. Аталған мәселені қарау барысында депутаттар бірауыздан "Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қалаішілік қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы"мәселені бекіту туралы шешім қабылдады. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүретін азаматтардың қазіргі санаттарына тегін тасымалданатын бенефициарлардың үш санаты қосылады:

1) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;

2) I топтағы мүгедектер;

3) II топтағы мүгедектер.

Сессияның барлық мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box