Негiзгi бет

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

04-05-2021 22021 жылғы 04 мамырда қалалық мәслихаттың бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде "Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы" Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бір мәселе талқыланды.

Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, мәслихат хатшысы, депутаттар мен мәслихат сессиясының төрағасы, жергілікті атқарушы билік бөлімдерінің басшылары қатысты.

Талқылау барысында жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен 2021 жылға арналған бюджет көлемін ұлғайту және оны іске асырылатын жобалар шеңберінде бөлу қаралды. Ең маңыздыларын атап өтуге болады: жаңа мешітке жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы, «РК-3» қайта жаңарту, Восточный кентіндегі 1200 орындық мектеп және 320 орындық балабақша үшін қазандық салу, Полковничий, Смычка, Затон, Мирный аралының Ертіс өзенінің жағалауын нығайту.

Жеке табыс қаражаты есебінен мынадай жобалар іске асырылатын болады: қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған жабық алаңдар орнату, қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған еуроконтейнерлер дайындау және орнату, Мұрат, Гранитное, Половинки, Ақбұлақ, Талица ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу және Қайнар ауылын дамыту жөніндегі іс-шаралар.

Сондай-ақ ішкі түзетулер мен бағдарламалар бойынша дебиторлық берешекті азайту қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия бұл мәселені қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына енгізуге қаулы етті.

 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box