Негiзгi бет

VII шақырылған қалалық мәслихаттың тоғызыншы кезектен тыс сессиясы туралы

IMG 20210506 144644 304

2021 жылғы 5 мамырда VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өтті.

Отырысты қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Н.Әлменева ашты. Мәслихат сессиясының жұмысына 21 депутат қатысты. Ашық дауыс беру арқылы күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ сессияны өткізу регламенті бекітілді.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

  1. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  2. Қаланың қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту туралы.

  3. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 2 наурыздағы № 4/20-VII «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

  4. Қала шегінде орналасқан Жаңа-Семей станциясын ашу туралы.

  5. «Сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерін атқарудан босату туралы».

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, Семей қаласының әкімі, әкімнің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдардың мүдделі бөлімдерінің өкілдері, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өкілдері, облыстық малихат депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Құдайбергенқызы баяндама жасады. Бұл мәселе алдын ала мәслихаттың бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қаралды. Қарау қорытындысы бойынша Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Екінші мәселе бойынша баяндаманы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Р.А.Серғазин ұсынды. Бұл мәселе өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында талқыланғаннан кейін қалалық мәслихат сессиясының қарауына шығарылды. Талқылаудан кейін шешім жобасы бекітілді.

Үшінші мәселе бойынша депутаттар қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.

Төртінші мәселені қарау кезінде өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері бұл мәселені комиссияда "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС бас инженері С.К. Төлепов егжей-тегжейлі ұсынғанын атап өтті. Семей қаласының мәслихаты Жаңа-Семей станциясын ашуға келісім беру туралы шешім қабылдады.

Бесінші мәселе бойынша сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box