Негiзгi бет

Әлеуметтік мәселелер бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

13-05-20212021 жылдың 12 мамырында мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында 18 жастан асқан мүгедек балалардың ата-аналарынан мәслихатқа келіп түскен өтініші қаралды. Өтініште өзекті мәселелер көрсетілді:

1. 1-2 топтағы мүгедектің немесе 1-2 топтағы бала жасынан мүгедектің ата-анасының біреуіне зейнеткерлік жасты 53 жастан бастап белгілеу туралы.

2 . Мүгедектерге арналған мамандандырылған клиника (оңалту орталығы) туралы.

3. 18 жастан асқан 1-2 топтағы мүгедектер немесе бала кезінен мүгедектер отбасыларына тұрғын үй бөлу туралы.

Тұрақты комиссияның отырысына қатысу үшін денсаулық сақтау басқармасының, құрылыс бөлімінің, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің өкілдері шақырылды. Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, сессия төрағасы, сондай-ақ мәслихат хатшысы қатысты.

18 жастан асқан мүгедек балалардың ата-аналарының өкілдері күн сайын кездесетін бірқатар проблемаларды атап өтті.

Бірінші мәселені талқылау барысында Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы М.М. Құржықаев түсіндіріп, бұл мәселе осы органның құзыретінде емес екенін атап өтті. Осыған қарамастан, көтерілген мәселелердің жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, олардың бөлімі облыстық басқармаға өтініш-хат жібереді. Мәслихат хатшысы сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарының атынан 1-2 топтағы мүгедектің немесе 1-2 топтағы бала жасынан мүгедектің ата-анасының біреуіне зейнеткерлік жасты 53 жастан бастап белгілеуге қатысты зейнетақы заңнамасына толықтырулар енгізу туралы ұсынысты қамтитын өтініш жолданатынын атап өтті.

Екінші мәселе бойынша ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей аймағы бойынша орынбасары Д.Берікұлы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Семей қаласында ересек тұрғындарға медициналық оңалту келесі ұйымдарда көрсетілетінін түсіндірді:

 

  • ШҚО ДСБ "ШҚО оңалту орталығы" ШЖҚ КМК,

  • СМСУ "Санаторий "KARAGAILY»,

  • "Семей қаласының № 6 аралас типті емхана" ММ жанындағы ОО,

  • "Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы" ШЖҚ КМК.

 

Оңалту ересек тұрғындарға "кардиология және кардиохирургия", "травматология және ортопедия", "неврология және нейрохирургия" бейінді аурулар бойынша көрсетіледі.

Орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдануы (ОЖЖ ПЗ), балалардың церебралдық сал ауруы (БЦП), қимыл-қозғалыс бұзылулары синдромы бар балаларға мамандандырылған оңалту емін, тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларды қалпына келтіру емін келесі ұйымдар көрсетеді:

 

  • «IN VITRO» консультативтік-диагностикалық емхана ЖШС

  • «Тоқтамыс» БРО»

  • «Семей қаласының № 6 емханасы» ММ ОО

  • "Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы" ШЖҚ КМК.

 

Сонымен қатар, Қарағайлы шағын ауданында жаңа оңалту орталығының құрылысы басталады. Құрылысқа жер телімі бөлінді, жобалық-сметалық құжаттама мен сараптама бар. Ол балалар мен ересектер бөлімшелерін, сондай-ақ стационарлық және күндізгі бөлімшелерді қамтиды деп жоспарлануда. Құрылыстың аяқталуы 2023 жылға жоспарланған.

Үшінші мәселе бойынша тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй бөлімінің өкілі "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес пайдалануға берілетін тұрғын үй мынадай түрде бөлінетінін түсіндірді: 50% - көп балалы отбасыларға, 20%-жетім балаларға, 30% - халықтың мұқтаж әлеуметтік осал бөлігіне.

Талқылау барысында Комиссия, тұрғын үйді пайдалануға беру және бөлу статистикасын зерделеп, Құрылыс бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедегі бар отбасылар үшін квота енгізу мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box