Негiзгi бет

Семей қаласы әкімінің лауазымына келісу туралы.

02-08-2021

2021 жылдың 28 маусымында VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті.

Мәслихат сессиясының отырысында Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Семей қаласының әкімі лауазымына тағайындау үшін Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметовтың кандидатурасын келісуге ұсынды.

Депутаттар бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.

Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы, 1970 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Бұрын әртүрлі лауазымдарды атқарған, соның ішінде Аягөз ауданының әкімі. Соңғы лауазымы - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша, инженер-электрик, сондай-ақ Орталық Азия Университетін қаржы, қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 5 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box