Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (он екінші) сессиясы туралы.

30-07-2021-1

2021 жылдың 30 шілдесінде Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы онлайн режимде өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын басқару схемасы туралы.

2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 22 ақпандағы № 23/145-VІ Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы.

4. Қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы.

5. Жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

6. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының дербес құрамы туралы» 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 56/407-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

7. Депутат А.Е. Машимов туралы.

8. Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының дербес құрамы туралы.

9. Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.

Депутаттар қарауға ұсынылған Семей қаласын басқару схемасын бекітті. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ құрамынан жеке құрылымға "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ бөлінді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау барысында қалалық әкімдігінің, терроризмге қарсы комиссияның, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы, жер комиссиясының құрамы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамы қайта бекітілді.

Аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Семей қаласының мәслихат депутаты Машимов Арман Ертұрсынұлының депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жүргізілген ротацияны ескере отырып, тұрақты комиссиялардың жаңартылған құрамдары бекітіліп, олардың төрағаларын сайлау туралы шешімдер қабылданды. Осы комиссиялардың жеке құрамы туралы тізімдерді жақын арада өкілетті органның ресми сайтынан көруге болады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 3 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box