Негiзгi бет

Мобильді топтардың жұмысы күшейтілді.

08-08-2021-2

Облыстың бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысымен карантиндік шаралар күшейтілді.

Олардың сақталуын бақылау үшін мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілуде. ШҚО әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді топтардың жұмысына облыстық және қалалық мәслихаттардың хатшылары мен депутаттары, Қоғамдық кеңестердің мүшелері, "Nur Otan" Партиясы" ҚБ филиалының резервшілері тартылды.

Құрылған топтардың мақсаты 66 ірі қоғамдық тамақтану объектілерінің белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларының орындалуына тексеру жүргізу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, мониторингтік топтар бұзушылықтарды тек бес санитарлық талап бойынша ғана тіркей алады:

- жұмыс тәртібі;

- отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- әлеуметтік қашықтықты сақтау;

- маска режимін сақтау;

- келушілер санының лимитінен асуы.

Мониторингтік топтардың кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқығы жоқ. Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғау үшін материалдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне беріледі.

2021 жылдың 05 тамызынан бастап мониторингтік топтар көрсетілген объектілерде бірнеше рет тексерулер жүргізді. Ескертулерге, өткізілген профилактикалық шараларға қарамастан, белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы анықталуда.

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу мақсатында қала тұрғындарын саналы болуға және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз.

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 6 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box