Негiзгi бет

Мәслихаттың әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі кеңесі

16-09-20212021 жылдың 16 қыркүйегінде мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі кеңесі өтті.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында "Кәсіпкерлік бөлімінің «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен Семей қаласының тұрғындарын тұрақтандыру қорынан азық-түлік     тауарларымен қамтамасыз ету   жөніндегі жұмысы  мен өзара    әрекеттестігі   туралы" мәселені қарау жоспарлануда. Аталған мәселені зерделеу аясында мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері "Приречное" Агрофирмасы" ЖШС болып, көкөніс қоймасының жұмысымен танысты.

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысы азық-түлік қоржынының жекелеген түрлері бойынша бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Қор жұмысының негізгі мақсаты аса қажетті көкөніс өнімдері бойынша – картоп, орамжапырақ, пияз және сәбіздің маусымаралық кезеңдегі (қараша- мамыр) нарықтық бағаларының маусымдық ауытқуларын реттеу.   

Семей қаласы бойынша «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорының көкөніс өнімдерін сауда  үстемақысынсыз сататын 11 павильоны  орналастырылған.

2021-2022 жылдардағы маусымаралық кезеңге қала үшін өңірлік тұрақтандыру қорынан 3100 тонна көлемінде картоп пен көкөністер, оның ішінде  картоп – 1500 тонна (былтырғы жылмен салыстырғанда 50%  көбейтілді)  орамжапырақ – 450 тонна, сәбіз – 400 тонна,  пияз – 750 тонна сатып алу көзделіп отыр.    


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 9 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box