Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (он үшінші) сессиясы туралы.

02-09-20212021 жылдың 1 қыркүйегінде Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы онлайн режимде өтті.

Сессияны қалалық мәслихат хатшысы Б. Т. Ақжалов ашты.

Сессия басталар алдында Семей қаласы Семей округі қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаев сөз сөйлеп,

қалалық мәслихаттың құрамына енгізілген "Nur Otan "партиясы" ҚБ депутаты Рахымғалиев Жұмағазы Нұрбазарұлын таныстырып өтті.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жұмысына 22 депутат тіркелді. 

"Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы "Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" бір сұрақтан тұратын кезектен тыс сессияның күн тәртібі бекітілді.

Құрамында 3 адам бар редакциялық комиссияның мүшелері сайланды.

Кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселе қаралды. Сөз қаржы және экономика бөлімінің басшысы Роза Құдайбергенқызына берілді.

Баяндамадан кейін қалалық мәслихат хатшысы Ақжалов Б.Т. жарыссөзге көшуді ұсынды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібі аясында өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Депутаттар қойған барлық сұрақтарға қала әкімінің орынбасары Д.А. Гариков және қаржы және экономика бөлімінің басшысы Р. Құдайбергенқызы түсініктеме берді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасын бекіту үшін дауыс беруге 22 депутат қатысты, оның ішінде 6 адам қалыс қалды.

Шешім жобасы көпшілік дауыспен бекітілді. 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 6 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box