Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезекті (он бесінші) сессиясы туралы.

2021 жылғы 23 қыркүйекте Семей қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті.

Сессияны қалалық мәслихат хатшысы Б. Т. Ақжалов ашты.

Қалалық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жұмысына 19 депутат тіркелді.

5 сұрақтан тұратын кезекті сессияның күн тәртібі бекітілді:

1.   Кәсіпкерлік бөлімінің «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен  Семей қаласының тұрғындарын тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы мен өзара әрекеттестігі туралы.

2.   2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңінің қорытындылары және 2021-2022 жылдардағы қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық барысы туралы.

3.   Семей қаласында және іргелес ауылдық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қорғаудың және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйі туралы.

4.   Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.

5.   Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және қайта өңдеуге арналған тарифтерді бекіту туралы.

Құрамында 3 мүше кіретін редакциялық комиссиясы сайланды.

Кезекті сессияның регламенті бекітілді.

Сессияға дайындық барысында тұрақты комиссиялардың мүшелері көшпелі отырыстарда күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды. Баяндамалардан кейін қалалық мәслихат хатшысы Б.Т. Ақжалов жарыссөзге көшуді ұсынды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібі аясында өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Депутаттар қойған барлық сұрақтарға кәсіпкерлік бөлімі басшысының м. а. А.К.Сыздықовадан, Семей қ. ПБ ЖПҚ бастығы полиция майоры Б.Н.Садакбаевтан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Х.Утельбаевтан түсініктеме алды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобаларын бекіту туралы дауыс беруге 19 депутат қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобалары көпшілік дауыспен бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 11 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box