Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (он алтыншы) сессиясы туралы.

18.102021 жылғы 15 қазанында Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті.

Кезектен тыс сессия жұмысында 18 депутат тіркелді.

7 сұрақтан тұратын күн тәртібі бекітілді:

1. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 62/443-VI «Абыралы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 62/445-VI «Ақбұлақ ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Қала әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы.

5. Семей қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі  2021-2022  жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы.

6. Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 15/101-VІІ «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімнің күшін жою туралы.

7. Семей қаласы мәслихатының  2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 15/102-VІІ «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау,  шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімнің күшін жою туралы.

Сессияға дайындық барысында мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері отырыстарда күн тәртібінің мәселелерін қарады. Баяндамалардан кейін қалалық мәслихат хатшысы Б.Т. Ақжалов жарыссөзге көшуді ұсынды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібі аясында өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобаларын бекіту туралы дауыс беруге 18 депутат қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобалары көпшілік дауыспен бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box