Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (он жетінші) сессиясы туралы.

2910212021 жылғы 29 қазанында Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы онлайн режимде өтті.

Кезектен тыс сессия жұмысында 20 депутат тіркелді.

Бір сұрақтан тұратын күн тәртібі бекітілді:

1. Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасын бекіту туралы.

Сессияға дайындық барысында мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері отырыста күн тәртібіндегі мәселені қарады. Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы М.М. Куржикаевтың баяндамасынан кейін қалалық мәслихат хатшысы Б. Т. Ақжалов жарыссөзге көшуді ұсынды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібі аясында өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасын бекіту туралы дауыс беруге 20 депутат қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасы көпшілік дауыспен бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box