Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (он сегізінші) сессиясы туралы.

12342ghf

2021 жылғы 26 қарашада Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы онлайн режимде өтті.

Кезектен тыс сессия жұмысына 22 депутат тіркелді.

Төрт сұрақтан тұратын күн тәртібі бекітілді:

1. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

2. «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Семей қаласы  маслихатының 2021 жылғы 2 наурыздағы №4/20-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Семей қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы.

4. Семей   қаласының ауылдық округтерін дамыту  жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.

Сессияға дайындық барысында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобаларын бекіту туралы дауыс беруге 22 депутат қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобалары көпшілік дауыспен бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box